Фото: shutterstock.com
Алматы облысы кеден қоймасында алғаш рет 15 000-нан астам дәрі-дәрмектің қаптамасы таңбаланды, деп хабарлайды ДСМ. Цифрлық таңбалаудың мақсаты – цифрлық бақылау технологиялары арқылы көлеңкелі фармацевтикалық нарықты жою. Дәрілік заттарды таңбалауды дәрілік заттардың қаптамасының әрбір бірлігіне (бастапқы немесе қайталама) өндіруші/импорттаушы жүзеге асырады.
Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау жүйесі 2022 жылғы шілдеден бастап кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, қазіргі уақытта 90 атау дәрі-дәрмекке қолданылады.
Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі Қазақстан аумағындағы дәрілік препараттардың айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл айналымның ашықтығын қамтамасыз ету үшін бүкіл әлемде Track&Trace жүйелері қолданылады. Таңбалаудың арқасында ешбір тауар тауар айналымы тізбегіне еш жерден түсе алмайды.
«Қадағалау функциясынан басқа, таңбалау жүйесі Naqty Onim тегін қосымшасының көмегімен тұтынушылардың дәрілік заттың жарамдылық мерзімін және сатып алынатын дәрілік заттың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген шекті рұқсат етілген бағаға сәйкес келетіндігін білуіне мүмкіндік береді. Қазақстанда дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу тіркелген және айналыстағы дәрілік заттарға белгіленеді» ,делінген хабарламада,
Шекті бағалар дәрілік заттарға, оның ішінде көтерме және бөлшек сауда үшін белгіленеді және жылына екі рет бекітіледі. Егер таңбалау кодын сканерлеу арқылы сатып алушы дәрілік заттың жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін және дәрілік заттың құны шекті бөлшек сауда бағасынан жоғары екенін анықтаса, онда сатып алушы Naqty Onim қосымшасында шағым қалдыруға құқылы.
Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау тарифін 2,4 теңге мөлшерде бекітілген. бұл қазіргі уақытта өнім топтары арасындағы ең арзан таңбалау тарифі.