
Судандағы қарулы қақтығыстардың басталғанына бір ай болды. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, жергілікті армия мен арнайы күштер арасында жандал құрбандарының саны 700-ге жуықтап қалған. Мыңдаған адам жараланған.
Қазір тұрғындардың жағдайы ауыр халде, адамдар үйлерінен шығуға қорқады. Халық азық-түлік пен ауыз суға зәру. Ел аумағында интернет пен байланыс жүйесі жұмыс істемей тұр.
Халықаралық сарапшылар Суданға гуманимарлық дағдарыс, қаупі төніп тұр деп дабыл қағуда.
БҰҰ-ның өкілдері елдегі шиеленіс тыйылмаса 19 млн адам жақын арада аштыққа ұшырауы мүмкін дейді.
Жалпы шиеленіс ел астанасы Хартумде сәуірдің 15-і күні басталған еді. Содан бері 115 мың адам елін тастап кетуге мәжбүр болған.