Лондон ICE биржасында өткен сауда-саттықта TTF индексі бойынша маусым айындағы газ фьючерстерінің құны мың текше метр үшін 360 доллардан төмен түсті. Бұл туралы lenta.ru агенттігі хабарлады.
Еуропадағы газдың биржалық бағасы өткен жылдың соңынан бастап төмендеуді жалғастыруда. 2023 жылдың басынан бастап газдың бағасы екі еседен астам төмендеді.
Газ бағасы Еуропадағы жылы және желді ауа-райына, сондай-ақ отынды тұтынуда үнемдеу шараларына байланысты төмендейді.
ЕО жерасты қоймаларындағы газ қоры осы уақытта рекордтық деңгейге жетті.