Кәсіпкерлерге жарнама үшін 1600 заңсыз салық салынған

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Кәсіпкерлерден белгілер үшін сыртқы жарнама ретінде салық төлемдері барлық жерде алынғаны анықталды. 1600-ден астам заңсыз салық алу фактілері тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет шеңберінде жүргізілген тексеру барысында, әкімдіктердің фискалдық органдарға жарнама ретінде анықтай отырып, белгіні пайдаланатын кәсіпкерлер туралы мәліметтерді ұсынуып келгені белгілі болған.

«Алайда «Жарнама туралы» Заңға сәйкес, белгіге салық салынбайды, өйткені ол сыртқы (визуалды) жарнама болып саналмайды», делінген хабарламада.

Мысалы, Алматы облысында әкімдік жарнама үшін салық төлеуші ретінде «А.» ЖК туралы мәліметтерді жіберген кезде ғимараттың төбесіндегі дүкеннің белгісі ғана алынған. Ал, Қызылорда облысында бизнес объектілерінде үгіт материалдарын орналастырғаны үшін 18 кәсіпкерге салықтық төлемдерді негізсіз есептеу фактісі анықталды, олар да заң талаптарына сәйкес салық салуға жатпайды.

«Бүгінге прокурорлық қадағалау актілері бойынша 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 725 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды, 12 млн теңгеден астам қаражат кәсіпкерлерге қайтарылды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз