Алматыда кәсіпкерлерге 5 млн теңге грант беріледі, құжат 1-маусымнан қабылданады

Жарияланды

Кәсіпкерлікті дамытуға қатысты конкурс жарияланды. 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде гранттық қаржыландыру беру бойынша өткізілетін бұл конкурстың бюджеті 545 млн теңгені құрайды.

Ұйымдастырушысы – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.  Конкурсқа өтінімдер «Электрондық Үкімет» веб порталында орналасқан, «Kezekte.kz» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Бұл порталға кез келген уақтта өтінім беруге болады.

5 млн теңге көлеміндегі қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 43 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жобасына сәйкес экономиканың басым секторларында мемлекеттік гранттар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

«Кәсіпкер өтінішті веб порталда тіркеген сәттен бастап, бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ол өтінішті 4 жұмыс күн ішінде қарастырады. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, не Бағдарламаның белгіленген талаптарының нысанына сәйкес келмейтін күмәнді деректер немесе құжаттар ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге, оның ұсынған құжаттары бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, оны пысықтау үшін, ұсынған құжаттарын қайтарады», делінген басқарма хабарламасында.

Конкурстық құжаттаманы қабылдау 2023 жылдың 1 маусымында басталып, 11 маусымда аяқталады. Ұйымдастырушылар аталған мерзімнен кешіктіріліп түскен тапсырыстар қабылдауға алынбайтынын ескертеді.

Конкурсқа қатысты ақпарат https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-upp, https://atameken.kz, https://damu.kz сайтарында жарияланып отырады.

Сондай-ақ оқыңыз