Жаңалықтар

Президент Ердоғанды сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады

Токаев принципиально не собирается праздновать 70-летний юбилей

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Президент сондай-ақ, парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.