QazaqGaz басшысы 2025 жылы IPO-ға шығу жоспарын растады

Жарияланды

 QazaqGaz компанияның Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов Астанадағы Қазақстан жер қойнауын пайдаланушылар форумында 2025 жылы IPO-ға шығу жоспарын растады.

Ол QazaqGaz ішкі нарықты субсидиялау салдарынан жыл сайын 180 млрд теңге жоғалтқанын, газды тұтынушыларға текше метріне 15 теңге бағамен, өзіндік құны 24-25 теңге сатқанын еске салды.

«Егер біз сол бағытта жүре берсек, онда IPO сәтті болмайтыны анық. Осыған байланысты біз реформаны енгіздік және 2025 жылға қарай өз пайдасын беруі тиіс», – деп атап өтті компания басшысы.

Ішкі сұранысты оңтайландыру үшін QazaqGaz газ тарифтерін саралайды. Сонымен қатар, QazaqGaz өз аумағында жеке жылыжай, жатақхана мен басқа да нысандарды орналастыра отырып, бизнеспен айналысып жүрген үй шаруашылықтары үшін тарифтерді көтеруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз