Қазақстан спорт саласын жемқорлық жайлаған елдердің ондығына енді

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

Қазақстан спорт саласын жемкорлық жайлаған елдердің ондығына енді. Sportradar спорттық сараптама компаниясының мәліметінше, 2022 жылы 1212 спорт матчы өте күмәнді өткен. бұл 2021 жылмен салыстырғанда 307 матчқа (34%) көп. Әлем бойынша өткізілген бүкіл күмәнді матчтардың жартысына жуығы осы он елге тиесілі. Қазақстан 2022 жылы 43 күмәнді ойынмен антирейтингте 4-орынға тұрақтаған.

Бразилия(152 күдікті матч), Ресей(92 матч) мен Чехияда (56 матч) жағдай Қазақстанға қарағанда нашар болса, Қытай (41 матч), Грекия (40 матч) мен Аргентинада (39 матч) Қазақстаннан жақсырақ.



Some Image

Sportradar сарапшыларының пікірінше, спорттағы күмәнді матчтардың өсуіне 2022 жылы әлемнің көп бөлігін шарпыған экономикалық күйзеліс әсер етті. Нәтижесінде, жоғары деңгейдегі емес көптеген жарыс, команда мен спортшылар қаржылық қысымға тап болып, бұл аталған үрдіске теріс әсер еткені сөзсіз.

Макроөңірлер бойынша ең көп күмәнді матчтар Еуропада тіркелген: 630. Одан кейін Азия мен Оңтүстік Америка келеді: сәйкесінше 240 және 225 матч. Африкада 93 күмәнді матч, Солтүстік Америкада 23 күмәнді матч тіркелді.

Күмәнді ойындардың шамамен үштен екісі ең танымал спорт түрі футболға қатысты: 775 матч, 2021 жылмен салыстырғанда 11,5% өсті. Одан кейінгі орында баскетбол тұр: 220 матч, 3,5 есе көбейген. Теннисте күдікті матч 41,5% өсіп, 75-ке жетті. Сарапшылардың күмәні туындаған спорт түрлерінің қатарында үстел теннисі (62 матч) және киберспорт (36 матч) та бар. Крикет, хоккей, гандбол және басқа да спорт түрлері күмәнді матчтардың жалпы санының 3,6%-ын ғана құраған.

Күмәнді матчтардың көбі футболда болғаны таңқаларлық емес: бұл әлемдегі ең танымал спорт түрі ғана емес, сонымен қатар бәс тігуге ең қолайлы. Сонымен қатар, футболдан тыс күмәнді жарыстардың саны айтарлықтай өсті: мысалы, егер 2021 жылы футбол бірден барлық күмәнді матчтардың 77%-ын құрап, басқа спорт түрлерінде олардың саны небәрі 210 болса, 2022 жылы көрсеткіш 437-ні құрады.

Some Image

Футболдағы күмәнді матчтардың ең көп шоғырланғанын IBIA (Халықаралық әділ бәс тігу және пари қауымдастығы) деректері де растайды. Қауымдастық үздік бес футбол лигасындағы матчтар, Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы бәс тігулердің 25%-дан азын құрайтынын, ал басқа лигалар барлық ставкалардың төрттен үштен астамын немесе 110 млрд АҚШ долларын құрайды деп санайды. Лицензиясы бар букмекерлік кеңселер бұл жағдайдан зардап шегуде, олар матчтардың кесірінен жылына 25 млн АҚШ долларын жоғалтады.

Some Image

Сонымен қатар, Қазақстанда 2022 жылы құмар ойындар мен бәс тігуді ұйымдастыру қызметінің көлемі 553,7 млрд теңгеге жетті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда бірден 7,5 есе артық.

Салыстыру үшін айтсақ, 2022 жылға спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет көрсету көлемі 589,6 млрд теңгені құраған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 47,7% артық. Бұл ретте спорт клубтарының қызметі бір жыл ішінде небәрі 22,5% ғана өсіп 31,8 млрд теңгені құраған.

Some Image

Сондай-ақ оқыңыз