Таңқурай өсіруге 800 млн теңге: Жамбыл облысында жалған шот-фактура жазғандар ұсталды

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Жамбыл облысында 800 млн теңге субсидияға жалған шот-фактура жазып бергендер ұсталды. Бұл субсидия ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігі.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша Департаменті шаруа қожалықтарының реквизиті мен құжатын пайдалана отырып, жалған шот-фактуралар жазып берген бірнеше тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Шот-фактура өткізілгенімен, тауары да жоқ, қызметі де көрсетілмеген.

«Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып, кейін шаруа қожалықтарының атынан субсидия алуға электронды өтінім берілген. Тексеру нәтижесінде фермерлерде таңқурай егістік алқаптары жоқ болып шықты. Аталған азаматтар мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған. Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелген», делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз