Жаңалықтар

Алматыда такси жүргізушісі қызметі үшін ресейліктен 400 еуро алған

Такси жүргізушісі ресейлікті Алматы әуежайынан Марков көшесіне дейін 400 еуроға (196 мың теңге) жеткізді. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей азаматы полицияға такси жүргізушісінің үстінен арыз жазған.

Полиция автокөлік иесінің жеке басын анықтады. Ол Алматы облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде ер адам кінәсін мойындап, жәбірленушіге ақшаны толығымен қайтарып берді.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды (қоғамдық орындарда қудалау). Такси жүргізушісіне 21 мың теңге айыппұл салынды.