АҚШ-тың 16 әуежайында арнайы құрылғы арқылы бетті тану технологиясын сынап жатыр. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін әуе айлақтарының қауіпсіздік агенттігі айналысады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
«Осы технологияның көмегімен жолаушыларды анықтау жеңіл және тез болады»- дейді ұйым өкілдері.
Жолаушылар паспортты құрылғыға салады. Содан кейін камераға қарау қажет. Құрылғы суретті түсіріп, оны құжаттағы фотосуретпен салыстырады.
Осылайша, технология төлқұжаттың нақты екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір жаңашылдық елдің 16 әуежайында сынылып жатыр.