Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс Солтүстік Аризона Университетінің (АҚШ) түлектеріне демалыстың маңыздылығы туралы сөз сөйледі.
«Егер сіз демалуды қаласаңыз, сіз жалқау емессіз. Мұны түсіну үшін маған көп уақыт қажет болды», – деп жазды Билл Гейтс.
Ол айналасындағы адамдардың барлығын көп жұмыс істеуге мәжбүр еткенін айтты.
Билл Гейтс студенттерге өмірінің келесі кезеңін бастамас бұрын «бір минут тауып, көңіл көтеруге» кеңес берді.
Билл Гейтс-Microsoft корпорациясының негізін қалаушы және бұрынғы бас директоры. Сондай-ақ қоғам қайраткері және меценат. Билл Гейтс 1975 жылдан бастап компания құрылғаннан бері Microsoft корпорациясын басқарды. 2000 жылы ол қоғамдық қызметке көбірек уақыт бөлу үшін CEO қызметінен кетті.