Елдегі қаржы тапшылығын сыртқы қарызбен жабу 17 есе азайған

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Елімізде сыртқы қарыз алу арқылы тапшылықты қысқарту көрсеткіші 17 есе төмендеген. Бұл жайлы Жоғары аудиторлық палата төрайымы Наталья Годунова мәлімдеді.   

Палата сарапшылары ішкі нарық отандық өнімдерімен толық қамтамасыз етілмегенін айтады. Яғни, негізгі азық-түлік тізімінде 29 өнім болса, елімізде соның 12-сі ғана толық өндіріледі. Оның ішінде 11 өнім түріне сұраныс төмендеп, 80 пайызға жуығы жабылған.

Годунованың айтуынша, теңгерімді бюджетті қамтамасыз етуде проблемалар бар. Өйткені Қазақстан экономикасы сол қалпы энергия бағасына тәуелді. Десе де, елімізде сыртқы қарыз алу арқылы тапшылықты қысқарту көрсеткіші төмендеген.

«Сыртқы қарыз алу арқылы тапшылықты қаржыландыру көлемі  17 есеге қысқарғаны– бізді қуантқан жақсы үрдіс болды. Өйткені біз бірнеше жылдан бері сыртқы қарызымыздың өсіп жатқанын, сәйкесінше валюталық тәуекелдердің артатынын айтып келеміз. Сондықтан тапшылықты сыртқы қарыз алу арқылы қаржыландыруды қысқарту – тамаша үрдіс», деді  Жоғарғы аудиторлық палата басшысы.

Ал сыртқы қарыз көлеміне қатысты мемлекеттік қарыздың қауіпсіз шектерде тұрғанын айтты. Ол көрсеткіштер бойынша мемлекеттік қарыз 2030 жылға қарай 32% құрайды. Бұл ретте ол ЖІӨ-нің 24,6%-ы көлемінде қалыптасты. Республикалық бюджеттің барлық кірістерінің 25%-ы мен шығыстардың 16%-ы яғни 2,9 трлн теңге көлеміндегі қаражат несиелерді өтеуге және оларға қызмет көрсетуге жұмсалған.

«Біз барлық кірістің 25% туралы айтатын болсақ, бұл әлі де көп. Ал 2030 жылға қарай мемлекеттік қарыздың ұлғаю қаупі бар. Сарапшылар қарыздың 49 пайызға дейін өсуін болжап отыр», деді Годунова.

Жоғары аудиторлық палата 2022 жылға қатысты қорытынды есебін жариялады. Онда 9 ұлттық жобаға 8,1 трлн теңге бөлінгенін, бұл 9 ірі  жобаның 7-інің тиімділігі төмен екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз