Қазір еліміз арқылы Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау (транзит) үшін келіссөз жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев хабарлады.
«Бүгінде Қазақстан арқылы Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау (транзит) мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатыр. Ол конструктивті түрде жүріп жатыр. Келіссөз нәтижесін хабарлаймыз», – деді министр Үкімет отырысынан кейін.