Қазақстан мен Еуроодақ өкілі Қазақстан азаматтары үшін виза режимін жеңілдету мәселесін талқылады

Жарияланды

Фото: ҚР СІМ

Брюссельде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу  мен Ішкі істер бойынша Еуропалық Комиссар Ильва Йоханссон кездесті. Қазақстан өкілінің Брюссельге жұмыс сапары аясында өткен кездесуде екі тарап Қазақстан азаматтары үшін виза режимін жеңілдету мәселесін талқықалап, осыған байланысты ресми кеңестер өткізуге келісті.

Министр Қазақстанның визалық саясатына қатысты біздің ел тарапынан ЕО үшін көші-қон тәуекелдерін болдырмау мақсатында Қазақстан Үкіметі заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша шаралар қабылдап жатқанын айтты.

Ал  И.Йоханссон Еуроодақ Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін және азаматтары арасындағы байланысты кеңейтуге ұмтылатынын мәлімдеді. Еурокомиссар Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызын атап, тұрақты мәдени-гуманитарлықынтымақтастықты жалғай түсетінін жеткізді.

ҚР СІМ басшысы визалық режимді жеңілдету қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық болатынын айтып, бұл Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың арта түсуіне ықпал ететін атап өтті.

2017 жылдан бастап Қазақстан ЕО-ның барлық мемлекеттерінің азаматтары үшін іскерлік ынтымақтастықты, туризмді және адами байланыстарды дамыту үшін біржақты тәртіппен визасыз режим енгізді.

Қазақстан Қытаймен өзара визасыз режим енгізетіні хабарланған. Оған сәйкес Қазақстан азаматтары Қытайда Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен бастап 30 күн визасыз жүре алады. Осыған ұқсас ережелер Қазақстанға келетін ҚХР азаматтары үшін де қолданылады. Тиісті қаулыны ҚР Сыртқы істер министрлігі әзірледі.

Бұдан басқа Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Олардың қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және басқа елдер бар.

Сондай-ақ оқыңыз