«Қазақтелеком» 2022 жылға 33,4 млрд теңге көлемінде дивиденд төлейді

Жарияланды

«Қазақтелеком» АҚ директорлар кеңесі 2022 жылға дивидендтер төлеуге 33,4 млрд теңге бөлуді ұсынған. Бұл жайлы «Қазақтелеком» АҚ қаржы директоры Людмила Атамұратова мәлімдеді.

«21 сәуір күні «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі дивидендтік саясатқа сәйкес шешім қабылдады, ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшері бір жай акцияға шаққанда 3 038,36 теңгені құрады, Барлық акцияларға, соның ішінде жай акциялар мен артықшылықты акциялар бойынша жалпы сома 33,4 миллиард теңгені құрайды», – деді Людмила Атамұратова.

Төлемге ұсынылған дивиденттер мөлшері 30 мамырда акционерлердің жалпы кеңесінде бекітіледі. «Қазақтелеком» 2022 жылы 128,753 млрд теңге көлемінде таза пайда көрді. Бұл қаражат 2021 жылмен салыстырғанда 32,1%-ға артық. 2022 жылы 2021 жыл дивидендтеріне  39,511 млрд теңге немесе бір жай акцияға шаққанда 3 590 теңге бөлген. Ал 2020 жылы компания 19,048 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі.

«Қазақтелеком» жергілікті телекоммуникация нарығында басымдыққа ие. Бұл компания Kcell ұялы байланыс операторының 51% акциясына, сонымен бірге «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС (МТС) 100% акциясына ие.

Сондай-ақ оқыңыз