Ресей – Қазақстан – Қытай халықаралық газ құбыры еліміздің бес қаласы арқылы өтеді

Жарияланды
Акчулаков рассказал о вариантах газификации востока Казахстана

Ресей газы Қазақстан арқылы Қытайға тасымалданады.  ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осы мақсатта үш ел арасында халықаралық газ құбырын салу шарттары қарастырылып жатқанын, сондай-ақ оның бағыты айқындалып қойғанын айтты.

«Ресейден Қазақстанның солтүстік аумағы арқылы ҚХР-ға газ құбырын тарту мәселесі талқылануда. Бағыт алдын ала белгіленді, қазіргі таңда газ құбырын салудың шарттары талқыланып жатыр», деді Сәтқалиев журналистерге.

2023 жылдың ақпанында Энергетика министрлігінің бұрынғы басшысы Болат Ақшолақов «QazaqGaz»-дың «Газпроммен» бірлесіп, Ресей – Қазақстан – Қытай халықаралық газ құбырының құрылысын салуға қатысты алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, бұл газ құбыры Қазақстанның  Қостанай – Астана – Павлодар – Семей – Өскемен қалалары арқылы өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз