Сәуір айында Қазақстаннан Германияға жіберілген мұнай көлемі 2,5 есе өскен

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Сәуір айында Қазақстаннан «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағытымен «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы 50 мың тонна мұнай жіберілген. Бұл мұнай әрі қарай Германияға жөнелтіледі. Наурыз айында бұл бағытта 20 мың тоннай мұнай жіберілгенін ескерсек, бір айда 150 пайыз немесе 2,5 есе өскен.

2023 жылдың ақпан-сәуір айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 90 мың тонна қазақстандық мұнайды жеткізген,

«ҚазТрансОйл» АҚ 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша тасымалдау үшін техникалық мүмкіндікке ие, бірақ тасымалданатын нақты мұнай көлемі мұнай компанияларының өтінімдеріне байланысты болады», делінген хабарламада.

2022 жылғы желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша «Транснефть» ААҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша тасымалдауға жылдық өтінім берген. Аталмыш мұнай транзиті 2002 жылғы 7 маусымдағы  Қазақстан Республикасы Үкіметі және Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы сәйкес келісім шеңберінде жүзеге асырылды. 

Сондай-ақ оқыңыз