WhatsApp «Чатты жабу» деген жаңа функцияны іске қосады
WhatsApp өз қолданушыларына жеке хат алмасуларына бөгденің кіруіне тыйым салуға мүмкіндік беретін «Чатты жабу» мүмкіндігін ұсынады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Ресми мессенджер блогының хабарлауынша, жабық чаттардағы хабарламалардың мазмұны мұндайда автоматты түрде жасырылады.
«Чатты жапқаннан кейін ол негізгі экраннан бөлек қалтаға сусып түседі. Оны ашу үшін құпия сөз енгізу немесе биометриялық деректерді сканерлеу қажет болады, мысалы, саусақ ізін. Сонымен қатар, жабық чаттардағы хабарламалардың мазмұны автоматты түрде хабарландырулар тізімінен көрінбей қалады», – деп атап өтеді WhatsApp.
Енді кейбір хат-хабарларының толықтай құпия болуын қалайтын пайдаланушыға телефоны ашық күйінде жақын адамдарының, достарының немесе жаман ниетті жандардың қолында болған жағдайда еш саспауына болады.