Фото: kursiv.media
Қазақстанда тұрғын үймен қамту орталығын ашу жоспаранып отыр. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Кursiv.
Енді азаматтарға «тұрғын үйге мұқтаж» мәртебесін растау үшін бірнеше құзырлы органға жүгінудің қажеті болмайды. Мұндай жаңашылдықтарды тұрғын үй саясатын реформалау туралы заң жобасы аясында енгізу жоспарланған.
Жоба әзірлеушілердің пікірінше, жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматтарының деректері мемлекеттік деректер базасымен біріктіріліп, бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізіледі.
Үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй тіркелген күніне қарай бөлінетін болады, сонымен бірге баспана алуға өтініш білдірген азаматтардың табыс деңгейі де ескеріледі.
Елімізде қолжетімді ипотекалық бағдарламалардың саны азайып, шарттары да қатайған. Дегенмен банктердің ипотекалық портфелі өскен.