Биыл І тоқсанда мемлекеттік бюджет кірісі 16 пайыз өскен

Жарияланды

Фото: kursiv.media

2023 жылдың І тоқсанында мемлекетік бюджет кірісі 5 568,8 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 767,3 млрд.теңгеге немесе 15,9%-ке артық, деп жазады ЭЗИ телеграм арнасы.

Кірістің өсуіне салық түсімдерінің оң динамикасы әсер еткен (+851,1 млрд.теңге немесе 17,8%). Бұл ретте трансферт түсімдері 54,1 млрд. теңгеге немесе 1,1%-ке азайған.

Салық түсімдері құрылымында 2023 жылдың І тоқсанында:

  • ҚҚС – ағымдағы жылдың алғашқы екі айында импорттың 7,1% төмендеуі кезінде ұлттық экономиканың 4,9%-ке өсуіне байланысты 333,2 млрд. теңгеге (33,6%) өскен;
  • КТС – 2023 жылдың 1-тоқсанында экономиканың жоғары нақты өсуі есебінен 203,2 млрд. теңгеге (18,4%) өскен.

Сондай-ақ оқыңыз