Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, Қара теңіздегі астық бастамасы тағы екі ай бойы жұмыс істейді. Бұл туралы Іnterfax.ru хабарлады.
«Қара теңіздегі астық мәмілесі тағы екі айға ұзартылды», – деді Түркия Президенті.
Өткен аптада Ыстамбұлда Ресей, Украина, Түркия және БҰҰ өкілдері арасында «астық мәмілесін» ұзарту туралы келіссөздер өтті.
«Астық мәмілесі» 2022 жылдың 22 шілдесінде Ыстамбұлда жасалды. БҰҰ, Ресей, Түркия және Украинаның қатысуымен екі құжатқа қол қойылды.