Мәдени ұйымдарға бөлінетін қаражат көлемі артты
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, мұражайларға және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.
Сол құжатқа сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі біршама мәдени ошақтарға бөлінетін қаражат көлемі артқан. Атап айтқанда, «Наталья Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрына» берілетін субсидия көлемі 85 пайыздан 90%-ға өскен.
Ал «Роза Бағланова атындағы қазақ концерті» мемлекеттік концерттік ұйымына бөлінетін қаражат сомасы 91-ден 93%-ға дейін көтерлсе, «Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрына» бөлінетін субсидия 94,8-ден 95%-ға дейін өскен. Мәдени ұйымдар арасында «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» де бар, оған бөлінетін субсидия көлемі 95%, бұған дейін бұл көрсеткіш – 94,8% деңгейінде болған.