Нигерияда АҚШ елшілігінің бірнеше қызметкері қаза тапты

Жарияланды

Нигерияның оңтүстігіндегі Анамбра штатында қарулы шабуыл кезінде АҚШ елшілігінің төрт қызметкері қаза тапты. Сондай-ақ көптеген жарақат алғандар бар. Бұл туралы  Анадолу сайты хабарлады.

Оқиға Огбару ауданында болды. Анамбра полициясының өкілі Точукву Икенга бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, оқиға орнында арнайы қауіпсіздік күштері жұмыс істеп жатыр.

АҚШ-тың Абуджадағы елшілігінің мәлімдемесіне сәйкес, арнайы қызметкерлер оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Нигерияның құқық қорғау органдарымен байланыста.

 Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Шабуыл жасағандар Нигерияның оңтүстігіндегі террористік ұйым, яғни  Биафраның байырғы тұрғындары болуы ықтимал.

Сондай-ақ оқыңыз