Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Қол қойылған құжаттардың арасында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім» бар.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режимді енгізуі жайлы хабарлаған болатынбыз.