Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі
Жарияланды
Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапары барысында Си Цзиньпинмен жүргізілген келіссөз кезінде мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Қытайға жіберілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кеңейтуге мүдделі. Тек былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда-саттық көлемі 780 млн доллардан асты. Қазақстан бұршақ дақылдарын, жоғары сапалы әрі экологиялық таза мұздатылған сиыр және қой етін жеткізуге дайын»,- деді Мемлекет басшысы.