Иранда ВТБ өкілдігі ашылды. Бұл туралы Иранның өнеркәсіп, шахталар және сауда Министрінің орынбасары, Иранның сауданы дамыту ұйымының басшысы Алиреза Пейман-Пак хабарлады.
«Сауданы дамыту ұйымының үздіксіз күш – жігері мен қолдауынан кейін Ресейдің ВТБ Банкі Иранда өз өкілдігін ашты», – деп жазды Министрдің орынбасары Твиттерде.
Ол ВТБ Иранда өкілдік ашқан алғашқы ресейлік банк екенін атап өтті.
ВТБ-ның үш шетелдік өкілдігі (Қытайда, Италияда және Қырғызстанда) және шетелде екі филиалы (Қытай мен Үндістанда) бар.