Ұлттық банк 1, 2, 5 теңгелік монеталар заңды төлем құралы екенін еске салады
Фото: kursiv.media
Ұлттық банк 1, 2, 5 теңгелік ұсақ номиналды монеталар заңды төлем құралы екенін еске салады. Өйткені кейінгі кезе бұл тиындарды қабылдаумай жаттары көбейіп кеткен. Олар ҚР бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша белгіленген құнына сәйкес қабылдануға міндетті Осы және өзге де ұлттық валютаның монеталарын белгіленген құнымен қабылдаудан бас тарту ҚР ӘҚБтК 206-бабында көзделген әкімшілік жауапқа әкеп соғады.
«Олар заңды төлем құралы. Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ, банктік шоттарға есептеу және аудару үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануға міндетті. Барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы («Қазпошта» АҚ) шексіз көлемде ұсақтайды және айырбастайды», делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысындағы циркуляциялық монеталардың мынадай номиналдары пайдаланылады: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100, 200 теңге.
ҚҰБ ұлттық валюта – теңге монеталарының жалғыз эмитенті саналады. Қазақстан монета сарайы циркуляциялық, инвестициялық және коллекциялық монеталарды тек қана ҚҰБ тапсырысымен дайындайды.