2010 жылдан бері Қазақстанда баға 2 есе өскен
Фото: kursiv.media
Ұлттық статтистика бюросының мәліметтеріне сенсек, Қазақстанда 2010-2021 жылдар аралығында бағаның өсуі 118,5%-ды құраған.
Бұл елімізде бағаның соңғы 11 жылда екі есе өскенін көрсетеді. Ал әлем бойынша бұл көрсеткіштерден де асып түскен мемлекеттер бар екен. Мәселен, талай жыл экономикасы санкцияларға ұшыраған Иранның жағдайы тым нашар. Халықаралық валюталық қордың мәліметі бойынша, инфляцияның ең жоғары деңгейі осы Иранда тіркелген. Онда бағаның қымбаттауы 932% құрап, 9 есе көтерілген. Сонымен бірге инфляцияның күрт өсуі Ливанда да байқалған. Ондағы көрсеткіштер 512%-ға жеткен. Бұл елде қаржылық-экономикалық дағдарыс болып, ұлттық валютасы 90%-ға дейін құнсызданған. Нәтижесінде халықтың төрттен үш бөлігі терең кедейлікке ұшыраған.
Ал ТМД елдерінің ішінде баға ең көп өскен ел Беларусия екен. Онда бағалар 487%-ға көтерілген. Сонымен бірге Өзбекстанның да экономикасында қиындықтар туындап, ондағы баға көрсеткіштері 255%-ға жеткен.
МД елдерінің ішінде Кавказ бен Грузия елдерінің экономикасы біршама қалыпты жағдайда. Бұл елдерде бағаның өсуі 54%-ды құраған. Ал Арменияда көрсеткіштер 40% болып, ең аз өсім көрсеткен.
Әлемнің ең ірі экономикасы саналатын Қытайда баға өсімі 30%-ға, ал АҚШ-та 24,3%-ға көтерілген. Ал Еуропа елдерінде инфляция көрсеткіштері соншалық көтеріле қоймаған. Грекияда 11 жыл ішінде бұл көрсеткіш небары 1,9%-ға ғана өссе, Швейцарияда керісінше 0,6%-ға бағалардың төмендеуі тіркелген.
Сауда министрлігі елімізде жанармай мен дизель отынының қымбаттауына байланысты азық-түлік бағасы 2-5 пайызға көтерілуі мүмкін екендігін айтқан болатын.
Ал Ұлттық банк пен қаржы саласының сарапшылары алдағы бірнеше айда таргеттелетін инфляция деңгейін көтеру мәселесін қарастырып жатқанын айтқан.