65 мемлекетте баланы ұрып-соғуға заңмен тыйым салынған – БҰҰ өкілі

Жарияланды

Фото: shutterstock.com

БҰҰ балалар қорының Қазақстандағы өкілі Артур Ван Дизен Балалар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың, зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы жиынға қатысты.

«Біз қазір іске асырылып жатқан бастамалар мен бірқатар бағдарлама туралы тыңдадық. Менің ойымша, Қазақстан дұрыс жолда. Қоғамда қалыптасқан кей әлеуметтік норманы өзгерту керек. Норма балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен оларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты болып отыр. Оның салдары ауыр. Сондықтан осыны отбасыларға түсіндіру керек. Мысалы, «Мен осылай тәрбиелендім, осылай өстім. Мен де баламды осылай тәрбиелеймін» деп ойлаудың қажеті жоқ», – деді Артур Ван Дизен орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында.

Ол сондай-ақ балаға дауыс және қол көтермей-ақ оны тәрбиелеуге болатынына назар аударды.

«Мұны ата-аналарға жеткізу үшін тиісті коммуникациялық кампания керек. Заңмен балаларға дене жарақатын салуға (ұрып-соғу) тыйым салу өте маңызды. Бүгінде 65 мемлекет дене жарақатын салуға заңмен тыйым салды. Тағы 27 ел бұл заңға қосылуды жоспарлап отыр. Оның арасында Қазақстанның көршілері де бар. Сондықтан отбасында да, отбасынан тыс жерлерде дене жарақатына тайым салу маңызды», – деді БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі.

Сондай-ақ ол жерде тек әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік болмауы керек.

«Бұл – қоғам алдындағы міндетіміз. Біз балаларға зорлық-зомбылық жасалуына, оларды ұрып-соғуына жол бермеуіміз керек», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз