Orbis тобы Алматыда жол талғамайтын EXEED көліктерін құрастыратын зауыт салады

Жарияланды

Orbis тобы мен қытайлық EXEED автоөндірушісі Қазақстанда осы брендтің жол талғамайтын көліктерін құрастыру үшін келісім жасады.

Қуаттылығы жылына 80 мың автомобиль шығаратын зауыттың құрылысы 2023 жылы Алматының Индустриалды аймағында басталады. Инвестиция 72 млрд теңгені құрайды. Заытты іске қосу 2025 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыс жобасы әзірленуді.

Бірінші кезеңде зауыт үш модель шығарады: толық өлшемді VX жол талғамайтын көлік, орташа өлшемді TXL және LАМ LX кроссовері.

Болашақта шығарылатын модельдік желіні кеңейту қарастырылған. Автокөліктер Қазақстандағы EXEED болып табылатын Orbis auto желісі арқылы сатылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыз