Қазақстан мен Қытай өз азаматтары жайлы ақпарат алмасады

Жарияланды
Правительство Казахстана одобрило проект соглашения с Китаем, в рамках которого страны будут обмениваться информацией о своих гражданах.

Қазақстан үкіметі Қытаймен өзара келісімге келіп, соған сәйкес екі ел өз азаматтары туралы ақпарат алмасады.

Келісім бойынша Қазақстан мен Қытай негізгі төрт бағыт бойынша ақпарат алмасуды көздеп отыр. Олар:

  • Визасыз кірулер саны, сондай-ақ берілген визалар туралы ақпарат;
  • Азаматтар туралы деректер және өз мемлекетінің азаматтығын қабылдаған немесе қалпына келтірген адамдар туралы мәліметтер;
  • Осы келісім күшіне енгенге дейін азаматтықты өзгерткен азаматтар туралы мәліметтер. Бұл деректер келісім күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі.
  • Кіру және шығу ережелерін сақтамаған немесе бұзған басқа елдің азаматтары туралы ақпарат.

Құжатқа сәйкес, екі мемлекет азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты (орыс және латын емлесі), жынысы, туған күні, туған жері, азаматтығы, сериясы, нөмірі, берілген күні, тиісті құжатты берген орган, ұлты және фотосуреті секілді деректермен алмасады.

Келісімде екі елдің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау немесе халықтың денсаулығын сақтау мақсатында құжат күшін толық немесе уақытша тоқтатуға құқығы бар екені нақтыланған.

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойған болатын.

Қытайда мемлекеттік сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Сиянь қаласында өтіп жатқан қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде:

«Қазақстан қытай туристері үшін тартымды бағыттың бірі бола алады. Отыз күнге дейін визасыз жүру туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл қадам елімізге Қытайдан туристердің көптеп келуіне жол ашары сөзсіз«, деп, визасыз кіру мәселесіне қатысты өз пікірін білдірген.

Сондай-ақ оқыңыз