Ресейден 50 млн теңгенің темекісін заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды

Жарияланды

Ағымдағы жылы 17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаттарынсыз 205 қораптағы темекіні анықтады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады.

Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыз