Сарапшылар 2024 жылы Қазақстандағы инфляция төмендейтінін айтады

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Ұлттық банктің кезекті пікіртеріміне қатысқан сарапшылар 2023-2024 жылдарға арналған инфляциялық күтулерін біршама жақсартты. 2023 жылға болжам 11,8% (бұрын – 12,2%), 2024 жылға – 8,4% (8,8%) құрады. 2025 жылға болжам 7,2% деңгейінде сақталған. Қазақстан Ұлттық Банкі макроэкономикалық сауалнама нәтижесін жариялады.

«Биыл мамыр айында сарапшылар барлық болжамды кезеңдерге мұнай бағасы бойынша сценарий шарттарын төмендеу жағына қарай қайта қарастырды. Мұнай бағасына қатысты болжамды мәндердің ауқымы әлі де кең. Ал олардың динамикасы – әртүрлі бағытта, бұл мұнай нарығының даму перспективаларына қатысты белгісіздіктің сақталуын көрсетеді», делінген ҰБ хабарламасында.

Сценарий шарттарына енгізілген мұнай бағасының төмендеуінен 2023-2024 жылдарға арналған тауарлар мен қызметтердің экспорты бойынша болжамдар біршама нашарлай түсті.

«Қазақстан экономикасының биылғы өсімі бойынша күтулер артты. Осылайша респонденттер барлық болжамды кезеңде 4% деңгейінде тұрақты экономикалық өсуді күтеді. Бұл олардың әлеуетті ЖІӨ-нің ұзақ мерзімді өсуін (4%) бағалауымен сәйкес келеді», дейд ҰБ.

Сауалнамаға Қазақстан аумағында макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысқан:

  1. AERC
  2. Halyk Finance
  3. Jusan Invest
  4. NAC Analytica
  5. Азия Даму Банкі
  6. АКРА
  7. Еуразиялық даму банкі
  8. Ренессанс Капитал
  9. Сентрас Секьюритиз
  10. Фридом Финанс
  11. Экономикалық зерттеулер институты.

Өткен кезеңмен салыстырғанда, респонденттер базалық мөлшерлемені бүкіл болжамды кезеңде жоғарырақ деңгейде күтеді. Осылайша, 2023 жылға арналған болжам жылына орта есеппен 15,7%-дан 16,2%-ға дейін, 2024 жылға – 11,7%-дан 13%-ға дейін, 2025 жылға – 9%-дан 9,5%-ға дейін өсті. Ақша-кредит саясаты комитетінің алдағы отырысында сарапшылар базалық мөлшерлеменің 16,75% деңгейінде сақталуын күтеді.

Сондай-ақ оқыңыз