2,3 млн ауған баласы тойып тамақтанбау салдарынан өліп кетуі мүмкін

Жарияланды

Ауғанстанда 2,3 миллион бала тойып тамақтанбау салдарынан өліп кету қаупі бар. Бұл туралы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Фран Экиса Нью-Йорктегі баспасөз брифингінде хабарлады.

Оның айтуынша, 2023 жылы 2,3 миллион бала тойып тамақтанбау салдарынан өліп кетуі мүмкін.

«Ауғанстан гуманитарлық апат, климаттың өзгеруі және адам құқықтарының өрескел бұзылуымен күресіп жатқан ел. Соның ішінде, бұл елде балалар құқығының дағдарысы бар екенін ұмытып кететіндер көп. Бұл жағдайды тек қиындата түседі», – деді БҰҰ өкілі.

Осы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Ауғанстанда134 бала қаза тапты, деп атап өтті ол.

Сондай-ақ оқыңыз