G7 басшылары Ресейге қарсы экономикалық қысымды күшейтетінін мәлімдеді
Фото: shutterstock.com
Хиросима қаласындағы саммитте бас қосқан G7 басшылары Ресейге қарсы экономикалық қысымды күшейтіп, Ресейдің Батыс санкцияларын айналып өтуіне жол бермейтінін мәлімдеді.
«Біз алдағы уақытта Ресейдің санкциялардан жалтаруына және оны айналып өтуіне жол бермейміз», – делінген мәлімдемеде.
Мәлімдемеде «Үлкен жетіліктің» «келісілген санкциялар мен басқа да экономикалық шаралар мәселесі бойынша бірлікті сақтауға» ниетті екені айтылған. Атап айтқанда, онда «Үлкен жетілік» үшінші елдермен келісіп, олар арқылы «Ресейге G7 елдерінің шектеулі тауарлары, қызметтері немесе технологиялары жеткізілуі мүмкін».
«Ресейге соғыста керек «Үлкен жетілік» елдерінен шығатын технология, өнеркәсіптік құрал-жабдықтардан айырамыз», – делінген хабарламада.
Құжатта санкцияның медицина мен азық-түлік өнімдеріне әсер етпейтіні атап өтілді. G7 көшбасшылары сондай-ақ «Ресейдің алмаз экспортынан алатын кірісін азайту үшін Ресейде өндірілген, өңделген алмаз саудасын шектеу бағытындағы тығыз жұмысты жалғастырамыз» деді. Қандай нақты шара қолданылатыны мәлімдемеде көрсетілмеген.
Бұған дейін Financial Times басылымы АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып, G7 елдері Кремльге қарсы жаңа сакциялар әзірлеп жатқанын хабарлаған. Ресейге қатысты экономикалық қысымды күшейтуді көздейтін санкция кеме мен ұшақ, гауһар тастарға қатысты салынбақ.
Санкциялар Мәскеудің Батыс санкцияларынан әлі зардап шекпеген бірнеше экспорт саласына бағытталады.
Бұған дейін Еуро Одақ Ресейге 11-ші санкциялар пакетін салатыны хабарланған еді.
Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Киевке сапары барысында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, олар Еуро Одақтың Ресейге салатын 11-ші санкциялар пакетін талқылады. Енді, санкцияларды айналып өтуге көмектесетін фирмалар мен компанияларға ерекше назар аудырылады.
Ал Reuters агенттігі G7 саммитіне дайындық барысымен таныс дипломаттарға сілтеме жасай отырып, G7 елдері Ресейге қарсы ішінара сауда эмбаргосын енгізуге келісуге жақындап қалғанын жазды. Егер эмбарго салынса, кейбір тауарлардың ерекше сезімтал санаттарына қатысты санкция күшейеді.