G7 елдері Ресейге қарсы кезекті санкциялар әзірлеп жатыр

Жарияланды
санкции
Фото: Shutterstock

G7 елдері Кремльге қарсы жаңа сакциялар әзірлеп жатыр. Ресейге қатысты экономикалық қысымды күшейтуді көздейтін санкция кеме мен ұшақ ,гауһар тастарға қатысты салынбақ. Бұл туралы АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасай отырып Financial Times басылымы жазады.

Мәселен, G7 елдері басшыларының Хиросимадағы кездесуінде Ресейден гауһар тас импортын қысқарту жоспары қабылданбақ. Ол Мәскеудің Батыс санкцияларынан әлі зардап шекпеген бірнеше экспорт саласына бағытталған.

АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі басылымға Вашингтон 300-дей ресейлік азаматқа, кемелер мен ұшақтарға қарсы жаңа санкция салатынын айтқан.

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак ресейлік гауһар, мыс, алюминий және никельді импорттауға біржақты тыйым салу жоспарын жарияламақ.

Лондо алмаз өндіруші «Алроса» компаниясына санкция салып, ресейлік гауһар тастарға баж салығын тағы 35%-ға көтергенін мәлімдеді.

«Биыл біз одан әрі барып, ресейлік гауһар тас импортына тыйым салатын заң қабылдаймыз және ресейлік темір мен болатты жеткізуге тыйым салу негізінде Ресейден шыққан мыс, алюминий және никельдің бүкіл импортын тоқтатамыз», – деді АҚШ ресми өкілі. .

Алмаз өнеркәсібінің сарапшысы Эдан Голанның айтуынша, Батыс санкцияларына ұшыраған Алроса әлі де әлемдегі гауһар тастардың шамамен 40%-ын өндіреді.

Бұған дейін Еуро Одақ Ресейге 11-ші санкциялар пакетін салатыны хабарланған еді.

Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Киевке сапары барысында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, олар Еуро Одақтың Ресейге салатын 11-ші санкциялар пакетін талқылады. Енді, санкцияларды айналып өтуге көмектесетін фирмалар мен компанияларға ерекше назар аудырылады.

«Өткен жұмада комиссия 11-ші санкциялар пакетіне қатысты өз ұсынысын енгізді. Бұл пакетте баста назар аударатын мәселе – санкцияларды айналып өтуге қарсы күрес болып тұр. Біз мұны халықаралық әріптестерімізбен бірге, әсіресе G7 елдерімен тығыз байланыса отырып, жүзеге асырып жатырмыз», деді кездесуде Еуро комиссия басшысы.

Ал Reuters агенттігі 19-21 мамырда Хиросимада өтетін G7 саммитіне дайындық барысымен таныс дипломаттарға сілтеме жасай отырып, G7 елдері Ресейге қарсы ішінара сауда эмбаргосын енгізуге келісуге жақындап қалғанын жазды. Егер эмбарго салынса, кейбір тауарлардың ерекше сезімтал санаттарына қатысты санкция күшейеді.

Сондай-ақ оқыңыз