Қазақстан мен Қытай құны 22 млрд доллар болатын 47 құжатқа қол қойды
Фото: «KAZAKH INVEST» ҰҚ
Мыс балқыту зауыты, қуаттылығы 1 ГВт жел электр станциялары, ыстық биркеттелген көмір өндіретін зауыт, локомотив құрастыру зауытын салу, Changan, Haval және Chery брендтерімен жылына 30 мың көлік шығару – бұл Президенттің Қытайға сапары барысында жасалған келісімдердің бір парасы. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытайдың іскер топ өкілдерінің қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстел аясында жалпы сомасы 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылған. Бұл туралы «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы хабарлады.
Негізгі құжаттардың бірі – NFC компаниясының мыс балқыту зауытын салу туралы келісім. Келісімнің бірінші кезеңінде қуаттылығы 300 мың тонна катодты мыс өндіретін зауыт салынады.
«Сонымен қатар, жаңартылатын энергетика және энергия жинақтау жүйелері саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылды, оның шеңберінде Жамбыл облысында жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын салу және Қазақстан аумағында жел электр станцияларының компоненттерін өндіруді ұйымдастыру жоспарлануда. Жоба China Power International Holding және SANY Renewable Energy компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылады», делінген хабарламада.
Қол қойылған келесі құжат ыстық брикеттелген темір өндірісінің дамуына байланысты. Қостанай облысы, Рудный қаласында жоғары сапалы концентрат әзірлеу және ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салу көзделіп отыр. Ыстық брикеттелген темір өндірісінің жылдық көлемі 4 млн.тоннаға дейін жетеді деп болжануда.
Сонымен қатар, Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытының жобасы аясында шағын түйінді өндіріс әдісімен Changan, Haval және Chery брендтерімен автокөліктер шығару жоспарлануда. Жыл сайын осы маркалардың әрқайсысынан кемінде 30 000 көлік шығарады деп күтілуде.
Бұл ретте «Orbis» ЖШС мен «EXEED Automobile» компаниясы қуаттылығы жылына 80 000 автомобиль шығаратын Exeed автомобильдерін шығаратын зауыт салу туралы Келісімге қол қойды.
Агроөнеркәсіптік кешендегі қарым-қатынасты нығайту «Beijing Gupu Agricultural Technology Service» компаниясы Алматы облысында шие қызанақтарын өсіретін жылыжай кешенін салу туралы елдер арасында келісімге қол қойды.
Тағы бір келісім «HKC Corporation» компаниясы тұрмыстық техника шығару жобасы болды.
«Қытайдың Мемлекеттік даму банкі Қазақстанның даму банкінің құралдарын пайдалана отырып, Қазақстанның түрлі негізгі секторларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға дайын екенін білдірді. Мұнай-газ, мұнай-химия, химия, тау-кен өнеркәсібі, сондай-ақ энергетика, көлік, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы, байланыс, индустриялық және индустриалды парктер секторларын Қытайдың мемлекеттік даму банкі қолдауға дайын екенін білдірді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ «SilkwayTransit», «China National Technical Import & Export Corporation» және «CRRC Dalian» компаниялары Алматы облысында локомотив құрастыру зауытын салу бойынша бірлескен жобасын жүзеге асыру туралы хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, жиын барысында екіжақты сауда-саттық көлемі 31 миллиард долларға жеткенін айтты.