Қытай әлемдік автонарықта Жапонияны басып озды
Фото: shutterstock.com
Қытай биыл І тоқсанда автонарықта Жапонияны басып озып, әлемдегі ең ірі көлік экспорттаушысы атанды. Қытай 2023 жылдың бірінші тоқсанында 1,07 миллион көлік экспорттаған, бұл 2022 жылдың бірінші тоқсанынан 58% артық деп жазады BBC.
Бұл ретте Жапонияның автокөлік экспорты былтырмен салыстырғанда 6%-ға өсіп, 954 185 бірлікті құраған.
Қытай экспорты электромобильдерге деген сұраныс пен Ресейге сатылым есебінен өсті.
Былтыр Қытай Германияны басып озып, әлемдегі көлік экспорты бойынша екінші орынға шыққан. Биыл автонарық көшбасшысы саналатын Жапонияның алдына түсті.
Қытайдың Бас кеден басқармасының мәліметі бойынша, 2022 жылы 2,6 миллион көлік экспорттаған Германиямен салыстырғанда, аспан асты елі 3,2 миллион көлік экспорттады.
Қазба отыннан бас тарту Қытайдың автомобиль өнеркәсібінің дамуына ықпал еткен.
Жаңартылған энергия көздерімен жұретін көлік экспорты, соның ішінде электр көліктері де бар, бірінші тоқсанда бір жыл бұрынғыдан 90% артқан.
Қазақстан автонарығында да қытайлық көліктердің қатары артып келеді. Былтыр қытайлық өндірушілер ҚР автонарығындағы үлесін үш есе арттырды: 2021 жылғы 4%-дан 2022 жылы 11%-ға дейін жеткен.
Алдағы уақытта Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренд зауытының жобасы аясында қытайдың Changan, Haval және Chery брендімен автокөлік шығармақ. Жыл сайын осы маркалардың әрқайсысынан кемінде 30 000 көлік құрастырылады.