Ұлыбритания Ресейдің бірнеше банктері мен компанияларына санкция салды
Ұлыбритания «Росатоммен» байланысты компанияларға ,»Дома.РФ» тұрғын-үй қаржылық институты мен «Тинькофф-банкке» санкция салды. Сонымен бірге бұл тізімге 86 заңды тұлғаның есімі енген, деп жазды Коммерсант.
Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі ресейлік активтердің бұғатталатынын, Украинаға келтірген шығынды өтеуге келіспейінше, активтерің бұғаттаудан босатылмайтынын мәлімдеген. Баспаөзде тараған хабарламада мұндай шешім шығаруға
Үкіметтің баспасөз мәлімдемесінде, жаңа санкция салу шешімі «украиналық астықтың ұрлануына» байланысты қабылданғандығы жазылған. Сонымен қатар, бұл санкциялар Ресейдің әскери технологияларға қол жеткізуін қиындатып, «қалған табыс көзін» жабуға бағытталған.
Санкциялық тізімге «Росатоммен» байланысты озық технологиялық материалдар мен лазерлер шығаратын 9 компания енген. Сонымен қатар «Дом.РФ», Металлинвестбанк, Росбанк, Тинькофф-банк пен Бүкілресейлік аймақтық даму банкі сынды бес қаржы институты енген.
Сонымен бірге Ресейлік мыс компаниясының негізін қалаушы Игорь Алтушкиннің, «Калашников» концернінің бас директоры Владимир Лепин, Запорожье АЭС басшысы Олег Романенко, «Астық операторы» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының басшысы Никита Бусела, «Газпромнефть» директорлар кеңесінің 13 мүшесі және «Транснефть» директорлар кеңесінің 5 мүшесінің есімдері енген. Ресеймен байланысқан алты ірі кеме компаниясына да санкция салынған. Оның ішінде Sun Ship Managementкомпаниясы да бар.
Бұдан бөлек G7 елдері Кремльге қарсы жаңа сакциялар әзірлеп жатыр. Ресейге қатысты экономикалық қысымды күшейтуді көздейтін санкция кеме мен ұшақ, гауһар тастарға қатысты салынбақ. Бұл туралы АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасай отырыпFinancial Times жазды.
Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Киевке сапары барысында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, олар Еуро Одақтың Ресейге салатын 11-ші санкциялар пакетін талқылады. Енді, санкцияларды айналып өтуге көмектесетін фирмалар мен компанияларға ерекше назар аударылады.