«Яндекстің» ресейлік үлесін сатып алушы табылды – Bloomberg

Жарияланды
Фото: Ашық дереккөздерден

Нидерландыда тіркелген «Яндекс» бас компаниясы-Yandex N. V.-ге ресейлік «Интеррос» негізін қалаушы Владимир Потанин мен «Лукойл» тең иесі Вагит Алекперовтан компания акцияларының бақылау пакетін сатып алу туралы өтініш түсті, деп жазады Bloomberg.

Онда Ресейден кеткісі келетін шетелдік компаниялар үшін Кремль белгілеген кем дегенде 50% жеңілдікті ескерілген, деп түсіндіреді Bloomberg.

«Яндекстегі» үлесті сатып алуға үміткерлер арасында Потанин мен Алекперов бар екені туралы мамыр айының басында хабарланды. Содан кейін ресейлік The bell басылымы Яндекстегі үлесті «Северстали» акционері Алексей Мордашов сатып ала алады деп хабарлады. Bloomberg жазғандай, Мордашов мәмілеге қосыла алады, ал «Магнитогорск металлургия зауытының» иесі Виктор Рашников шағын үлесті сатып алуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, әлеуетті инвесторлардың қатарында миллиардер Роман Абрамович бар.

Украина соғысы басталғаннан кейін компанияға Ресейдің де, халықаралық биліктің тарапынан белгілі бір талаптар қойыла бастады. Осыған байланысты, компания екі бөлікке бөлінбек. Табыстың басым бөлігін әкеліп отырған Ресейлік бөлім сатылымға шығарылмақ, ал халықаралық бөлімі бірнеше стартаптармен айналысады.

Жағдаймен таныс адамдардың айтуынша, соңғы шешімді Ресей билігі қабылдайды. Сондықтан Директорлар кеңесінің шешімі ұсыныс ретінде қабылданады.

Төрт жыл бұрын компанияны досы Илья Сегаловичпен бірге құрған кәсіпкер Аркадий Волож «Яндекстегі» өз үлесін сенімгерлік басқаруға берді. Волож басқарушы лауазымы мен Директорлар кеңесіндегі мүшелігін сақтап қалды. 2022 жылдың маусымында Воложға Еуропалық Одақ санкциялары енгізілген кезде, ол бизнестен шығып, Ресейден кетті.

Сондай-ақ оқыңыз