АҚШ-та алғаш рет ресейлік кәсіпкерді санкция тізімінен шығарды
Жарияланды
АҚШ Қаржы министрлігі IBS тобының негізін қалаушы Анатолий Карачинскийді санкция тізімінен алып тастады. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Meduza басылымының хабарлауынша, бұл соғыс басталғаннан бері ірі ресейлік кәсіпкерді санкция тізімінен алып тастаған алғашқы жағдай.
АҚШ Қаржы министрлігінде шешімнің себептері түсіндірілмеген.
2021 жылы Карачинский 800 миллион доллар байлығымен Forbes нұсқасы бойынша Ресейдегі ең бай кәсіпкерлер тізімінде 149-шы орынға ие болды.
Ресейлік кәсіпкер АҚШ-тың санкциялар тізіміне 2022 жылдың сәуірінде кірді. Бірақ бірнеше күннен кейін бұл қызметтен кетті. Көп ұзамай кәсіпкер өзі құрған IT компаниядағы өз үлесін IBS-ке сатты.