Жаңалықтар

АҚШ-та Украинаны НАТО-ға қабылдамаудың үш себебін атады

Украинаның НАТО-ға қабылдануы қақтығысты саяси тұрғыда реттеу процесін бұзады, деп жазды американдық әскери сарапшы Джон Дени Foreign Policy журналына арналған мақаласында.

Автор бас тартудың бірінші және ең маңызды себебі Украинаны НАТО-ға қабылдаған жағдайда қақтығысты бейбіт жолмен шешу қиынға соғады дейді.

«Украин әскерлерінің Ресей армиясын жеңу екіталай. Саяси келісім – бұл соғыс қимылдарының аяқталуының ең ықтимал жолы», – дейді сарапшы.

Сарапшының пікірінше, екіншңден мұндай әрекет Ресейді таңдаған бағытының дұрыстығына сендіреді. Ал бұл Батыспен текетіресті одан әрі күшейтеді.

Джон Дени бас тартудың үшінші себебін альянстың принциптерімен негіздейді.

«Украина елдегі демократиялық негіздердің деңгейін және батыстық құндылықтарды ұстануды ескере отырып, НАТО-ға саяси тұрғыдан кіруге дайын емес»,- деп қорытындылады сарапшы.