Хиросима саммитінде G7 елдері Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін Қытайды Ресейге ықпал етуге шақырды. Бұл туралы interfax.ru хабарлады.
«Біз Қытайды агрессияны тоқтату үшін Ресейге әсер етуге шақырамыз, оның әскерлерін Украинадан дереу, толығымен, шартсыз шығаруға шақырамыз», – делінген Жапонияның Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметінде.
Сондай-ақ, G7 елдері Бейжіңнің, соның ішінде Киевпен тікелей диалог арқылы Украинада аумақтық тұтастық қағидатын және БҰҰ Жарғысының нормаларын құрметтеу негізінде толыққанды, адал және ұзақ мерзімді бейбітшілікті қолдауы қажет деп санайды.
Сонымен бірге, G7 елдері Украинаны қолдауды жалғастыруға уәде берді.