Биылғы ҰБТ бойынша бейнежазбаларға 31 қазанға дейін талдау жасалады

Жарияланды

Биылғы ҰБТ бойынша бейнежазбаларға 31 қазанға дейін талдау жасалады. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев биылғы ҰБТ-ға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін, 31 қазанға дейін тестіге қатысты бейнежазбаларға талдау жасалып, түсірілген видео тексеріледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ереже талаптарын орындамау фактілері анықталған жағдайда, бұл талапкерлердің ҰБТ-ға қатысты нәтижелері жойылады», – деді Руслан Емелбаев.

Оның сөзіне қарағанда, тест тапсырғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беру мүмкіндігі бар. Сертификатты апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінен алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз