Дамушы нарық валюталары теріс динамика көрсетті
Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 19 мамырда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,5%-ға (445,99 теңгеден) әлсіреп, 1 АҚШ доллары 448,31 теңге болды. Бұл туралы Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 12-19 мамыр аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Мәселен, АҚШ мемлекеттік борышының шекті деңгейіне қатысты келіссөздерде келісімге келуді күту аясында АҚШ долларының нығайғаны сезілді. АҚШ долларының DXY индексі жеті апталық ең жоғары көрсеткішке жетіп, қаралып отырған кезеңде 0,5%-ға (102,7-ден 103,2-ге дейін) нығайды. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға арналған алғашқы өтінімдер (251 мың өтінім болжамында 242 мың өтінім) сияқты АҚШ-тың қуатты деректерінің шығуы, одан қалды, сәуірде Филадельфия ФРЖ өндірістік белсенділік индексінің (-)20)-ға болжау кезінде күткенге қарағанда (-)10,4-ке дейін барынша жеңіл құлдырауы доллардың «аса жоғары» динамикасын қолдады. Сәуірде талдаушылардың 10,9% мөлшерінде есептеген орташа болжамы кезінде Қытай өнеркәсіптік өндірісінің 5,6% көлемінде өсуі және жастар (16-24 жас) арасындағы жұмыссыздықтың 20,4% көлеміндегі рекордтық деңгейі Қытайдың экономикалық өсудегі әлсіреу белгісі саналады.
Жоғарыда көрсетілген факторлар дамушы нарықтарда валюталардың теріс динамикасын көрсетті. Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:
- үнді рупиясы АҚШ-тың қуатты экономикалық деректерінің шығуы аясында 0,6%-ға (82,17-ден 82,67-ге дейін) әлсіреді;
- Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекел сентиментінің төмендеуі аясында 0,6%-ға (19,34-тен 19,45-ке дейін) әлсіреді;
- Мексика песосы АҚШ долларының нығаюы аясында 1,1%-ға (17,59-дан 17,79-ға дейін) әлсіреді. Орталық банк мөлшерлемені 11,25% деңгейінде сақтады;
- Индонезия рупиясы АҚШ қазынашылық кірістілігінің артуы аясында 1,2%-ға (14751-ден 14930-ға дейін) әлсіреді;
- түрік лирасы президент сайлауының екінші кезеңі қарсаңында 1,2%-ға (19,58-ден 19,81-ге дейін) әлсіреді;
- Бразилия реалы шетелдік капиталдың әкетілуі аясында 1,6%-ға (4,92-ден 5-ке дейін) әлсіреді;
- Ресей рублі санкциялық тәуекелдер мен біржолғы корпоративтік мәмілелер аясында валютаға сұраныстың өсуі аясында 2,7%-ға (77,92-ден 80-ге дейін) әлсіреді.