Екінші деңгейлі банктерге қолма-қол Ресей рублін Қазақстаннан әкетуге рұқсат берілмек

Жарияланды
Фото: Архив Kursiv.media

Үкімет екінші деңгейлі банктерге 2024 жылдың 1-қаңтарына дейін Қазақстаннан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат беруді көздеп отыр. «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы Ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарылды.

Қаулы жобасында атап өтілгендей:

Екінші деңгейдегі банктердің қолма-қол ақшасыз нысанға айырбастау және шетелдік банктердегі өздерінің корреспонденттік шоттарын толықтыру үшін қолма-қол Ресей рублін Қазақстан Республикасынан әкете алады,.

Жобаға сәйкес:

  1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне Қазақстан Республикасынан қолма-қол Ресей рублін әкетуге рұқсат етілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп  осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Бұған дейін 2023 жылғы қаңтар айының басында еліміздің екінші деңгейлі банктеріне қолма-қол рублді бір реттік тәртіппен Қазақстаннан әкетуге рұқсат берілген болатын.

Ол кезде Ұлттық банк: «бұл ретте Ұлттық Банк бүгінде екінші деңгейлі банктерде банк шоттарын, төлем карточкаларын, сондай-ақ электрондық әмияндарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін, қолма-қол Ресей рублінің жинақталу тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік беретін әр алуан арналар мен құралдардың бар екеніне назар аудартады» деп хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз