ЕО Украинаны әскери тұрғыда қолдауды жалғастырады. ЕО осы мақсатта еуропалық әскери өнеркәсіптің өндірістік қуатын арттырады. Бұл туралы Франция СІМ басшысы Катрин Колонна хабарлады.
«Мен Еуропалық өндірістік қуаттылықты арттыруға мүмкіндік беретін пакеттің (әскери көмек) үшінші компонентін айтып отырмын. Яғни, Украинаға оқ-дәрі жеткізуге қабілетті болу үшін біз өнеркәсіпті күшейтеміз. Мұны тез арада жасау қажет», – деді француз министрі.
Оның айтуынша, бүгінде Украинаның қажеттіліктері негізінен оқ-дәрілер, броньды машиналар, танктер болып табылады.
«Біз уәдемізді орындаймыз», – деді Францияның Сыртқы істер министрі.