Іле Алатау ұлттық паркінде туристік мақсаттағы жерлерге коттедждер салынған

Жарияланды
Фото: Архив Kursiv.media

Алматы қаласының прокурорлары таулы аймақтарда құрылыс салу бойынша 150-ден астам заңбұзушылық анықтады.

Прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аталған сұрақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтетін Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаевтың төрағалығымен  қаралды.

Осы жиында тау бөктеріндегі құрылыста, су қоймасының бойында және ерекше қорғалатын аймақтарда 150-ден астам заң бұзушылық бар екені туралы баяндалды.

«2022 жылы тұрғындарды төтенше табиғат апаттарынан қорғау мақсатында, Алматы қаласының Бас жоспары тұрғындарды эвакуациялауға мүмкіндік беретін, өзендердің су қоймаларын көгалдандыру шарасын қарастырды. 20 жылдан астам уақыттан бері бұл талаптар ескерілмей келеді» делінген хабарламада.

Прокуратураның наразылығымен аумағы 200 га «жасыл аймақтан» «қоршалған үйлерге» айналған жобаның егжей-тегжейлі жоспарына бұрын енгізілген өзгертулер жойылған.

Ақпаратқа сәйкес, Наурызбай ауданының Жайлау шағын ауданында аумағы 13 га жеке тұрғын үй құрылысына арналған жалған әкімдік актілерінің күші жойылды, онда таулардың баурайында аз қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланған болатын.

Автокөлік жуу орындарының заңсыз жұмыс істеуінің 29 фактісі, сондай-ақ мақсатында пайдаланылмайтын 15 учаске анықталды. Бұл нысандар су қорғау белдеуінде орналасқан.

Су қорғау аумақтарында барлығы 118 бұзушылық анықталды, соның ішінде бассейн инспекциясының келісімінсіз 40 нысанның құрылысы, су қорғау белдеулерін өз беттерінше иемдену – 15. Тексеру барысында қылмыстық іс қозғалды.

«Сондай-ақ отырыста Іле-Алатау ұлттық паркіне қарасты жер учаскелерін беру қарастырылды. Бұл жерде туристік мақсаттарға арналған учаскілерге іс жүзінде коттедждер салынған аумағы 15 гектардан асатын жерлер анықталған. Прокурорлардың араласуымен саябақ жалдау шарттарын бұзу туралы 5 талап арыз берілді», делінген хабарламада.

Сонымен өатар, су қорғау белдеулерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге заңмен тыйым салынған. Мұндай аймақтар тұрғындарды табиғат апаттарынан қорғау мақсатында пайдаланылуы қажет. Алайда, органдар құрылысқа рұқсат берген біршама нысан бары анықталды, олардың бірқатары су инспекциясының келісімінсіз жүзеге асқан.

«Басқа жағдайда су қорғау белдеулері қасақана 35 метрден 6 метрге түсірілген, бұл өз кезегінде сол аумақтарда жоғары қабатты тұрғын үйлер тұрғызуға мүмкіндік береді. Мұндай құрылыстар Әуезов, Наурызбай, Жетісу,Алатау аударында бар. Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша осы аумақтарда құрылыс салуды бақылау тетіктерін күшейтуге, құрылысқа рұқсат беру құжаттарын беруді болдырмауға және уақтылы ден қоюға бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдауға ұсынылды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар қадағалаушы орган жүргізген талдау материалдары құқықтық баға берілуі үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

Айта кету керек, Үкімет Алматы қаласының бас жоспарын бекітті.

Сондай-ақ оқыңыз