Индонезия Президенті G7 басшыларын революция жасауға шақырды

Жарияланды

Индонезия Президенті Джоко Видодо G7 басшыларын қақтығыстарды тоқтату және бүкіл әлемде бейбітшілік орнату үшін ревалюция жасауға шақырды, деп хабарлайды Индонезия агенттігі ANTARA.

«Көшбасшылар ретінде біз осы әлемге өзгеріс енгізу және барлық қақтығыстарды тоқтату үшін үлкен төңкеріс жасауға дайын болуымыз керек. Әлемдегі болып жатқан қақтығыстар тек адам шығынына әкеледі. Барлық тараптар бүкіл әлемде бейбітшілікті, тұрақтылықты және өркендеуді қалайды. Бірақ қазіргі жағдай бұған сәйкес келмейді», – деді Индонезия Президенті.

«Қақтығыстарды шешуде біз айтарлықтай прогресс көрсеткен жоқпыз. Бірге өзгеріс жасайық», – деп қорытындылады Видодо.

G7 саммиті 19-21 мамырда жапон Хиросимасында өтті.

Айта кетейік, Индонезия «Үлкен жетілік» елдерінің мүшесі емес. Индонезия Президенті бұл саммитке тек қонақ ретінде шақырылды.

Сондай-ақ оқыңыз